2024 жылдың 12-18 мамыры аралығында Италия-Казақ сауда қауымдастығының (ACIK) шақыруымен және Neos авиакомпаниясы мен Tomiris Tour туроператорының қолдауымен Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының туристік көрікті жерлеріне Италиялық БАҚ өкілдері мен туроператорлар үшін ақпараттық туры өткізілді.

Бұл жобаның мақсаты - Қазақстанды Италия және басқа да Еуропа Одағы елдерінің азаматтары үшін туристік бағыт ретінде насихаттау. Тур барысында Touring Magazine, Donno журналы, Viaggi e Turismo және басқа да беделді басылымдардың өкілдері мен журналистері Қазақстанның бірегей мәдени және тарихи орындарымен танысты.

Сапар нәтижесінде Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы ақпараттық мақалалар жарияланып, еуропалық туристер арасында Қазақстанға деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі.

Италия-Казақ сауда қауымдастығы Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігіне, сондай-ақ  Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының әкімдіктеріне осы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ерекше алғысын білдіреді. Біз осындай бірлескен жобаларымыз Қазақстан мен Италия арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз.