Олжас Бектенов италиялық Maire Tecnimont және Ansaldo Energia компанияларының басшылығымен өндірісті локализациялау келешегін талқылады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов биыл қаңтарда Римде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан–Италия дөңгелек үстелінің алаңдарында жасалған келісімдер мен меморандумдарды іске асыру мәселелері бойынша энергетика және мұнай-газ химиясы саласындағы жабдықтардың жетекші өндірушілері – италиялық компаниялардың басшыларымен кездесті.
Ansaldo Energia бас директоры Фабрицио Фаббримен келіссөздер барысында инновациялық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. Бұл бағытта италиялық компанияның газ және бу турбиналарын әзірлеу саласындағы тәжірибесі перспективалы саналады. Бұрын қабылданған келісімге сәйкес Алматы ЖЭО-3 үшін екі газ турбинасы өндірілетін болады. Осыған байланысты тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа және Қазақстандағы газ турбиналық қондырғылар үшін компоненттерді локализациялауға мүдделі. Бұл елімізде газ турбиналы генераторлық қондырғылар үшін әртүрлі компоненттер өндіруге мүмкіндік береді және электр энергиясын өндіруге арналған жабдықтар саласында жоғары технологиялық жеткізу тізбегін жасайды.
Maire Tecnimont компаниясының президенті Алессандро Бернинимен кездесуде көмірсутек шикізатын терең өңдеу және қосылған құны жоғары, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруды арттыру саласындағы өзара іс-қимыл қарастырылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік нарықтарда сұранысқа ие полимерлер мен басқа да маңызды өнімдерді шығаратын зауыттар салу бойынша ауқымды жобалар іске асырылуда. Өз кезегінде, Maire Tecnimont полиэтилен, бутадиен, тұрақты авиация отынын өндіру, сондай-ақ газ бөлу кешенін салу саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуға мүдделі. Айта кету керек, тұрақты авиация отыны жобасы бойынша серіктестік Қазақстандағы авиация саласындағы жасыл технологияларды дамытуға елеулі үлес қосады. Аталған отынды өндіру көміртегі зиянды қалдықтарын азайтуға, экологиялық қауіпсіз ұшуды арттыруға және Қазақстанның жаһандық экологиялық технологиялар нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Кездесулердің қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов қайта өңдеуге баса назар аудара отырып, экономика құрылымын әртараптандыруға және өзгертуге бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық бастамалардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде Үкіметтің шетелдік инвесторларға жәрдем көрсетуге әзір екенін растады.
                  
                        
            
              Italy - Kazakhstan Supply Chain Forum 2025: Қорытындылар
            
          
                        
            
              Italy–Kazakhstan Supply Chain Forum, 28 мамыр 2025, Хилтон ЭкспоАстана
            
          
                        
            
              Maire Tecnimont Қазақстанмен стратегиялық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуда
            
          
                        
            
              Allied International Group: Қазақстандағы энергетикалық секторға арналған шешімдер көшбасшысы
            
          
                        
            
              Маңғыстау бойынша турлар итальяндық каталогқа енді
            
          
                        
            
              «Астана-Милан» роудшоуы туризм ынтымақтастығын дамытуда
            
          
                        
            
              Үшінші Қазақстан-Италия екіжақты форумы: Екі ел арасындағы байланысты нығайту көпірі
            
          
                        
            
              Италия-Казақ сауда ассоциациясы “Kazakhstan – Italy Trade Investment Opportunities on the Road to Kazakhstan” бизнес-форумын өткізетіні туралы хабарлайды