West Dala LLP — Қазақстанда өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды басқарудың біріктірілген жүйесін енгізген алғашқы сервистік компания. Компания 2005 жылы құрылған. Компания мұнай-газ кәсіпорындарына, коммерциялық және сервистік ұйымдарға, медициналық мекемелерге және түрлі өндірістік кәсіпорындарға қалдықтарды кешенді және бөлек басқару қызметтерін көрсетеді. West Dala өз клиенттеріне қалдықтарды басқарудың стандартты тәсілдерін ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушінің ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес жеке шешімдер әзірлейді. Барлық қызметтер сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық талаптарға толық сәйкес жүзеге асырылады.