Қазақстанда микробизнеске арналған сертификаттардың құны төмендейді
Қараша айында мәжілісмендер Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге қолөнер саласы үшін тауарларды сертификаттауды жеңілдету туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Депутаттардың айтуынша, бүгінде қолөнер немесе қолдан жасалған өнеркәсіптер сапалы өнім шығарып, әрі қарай дамуға, бәсекеге түсуге дайын, бірақ бұған сертификаттау жүйесі кедергі келтіріп отыр.
2023 жылы кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін «E-CTRM» электронды жүйесі (техникалық реттеу және метрология жөніндегі электрондық комитет) жұмыс істейді. Қазіргі таңда пилоттық жоба ретінде «E-CTRM» жүйесі іске қосылды. Ол техникалық реттеу саласындағы тізілімдерді жүргізуді автоматтандыруға, техникалық регламенттер мен стандарттарды қамтамасыз етуге, жаңартуға, ішкі нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімдерден шектеуге, техникалық реттеудегі техникалық кедергілерді азайтуға бағытталған.
Егер тауар мақсатына сәйкес бір түрге жататын болса және бір өндіруші бір түрдегі материалдардан шығарса, онда өтініш берушіге айтарлықтай жеңілдік болатын бір құжатты алуға рұқсат етіледі. Депутаттық сауалға Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жауапта сондай-ақ Қазақстан сәйкестікті бағалау органдары қауымдастығының төрағасымен жұмыс кездесуі барысында микрокәсіпкерлік субъектілері мен өнім топтарының тізбесі бойынша сәйкестікті бағалау қызметтерінің бағасын ерікті түрде төмендету туралы меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілгені атап өтілді. . Бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Italy - Kazakhstan Supply Chain Forum 2025: Қорытындылар
Italy–Kazakhstan Supply Chain Forum, 28 мамыр 2025, Хилтон ЭкспоАстана
Maire Tecnimont Қазақстанмен стратегиялық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуда
Allied International Group: Қазақстандағы энергетикалық секторға арналған шешімдер көшбасшысы
Маңғыстау бойынша турлар итальяндық каталогқа енді
Олжас Бектенов италиялық Maire Tecnimont және Ansaldo Energia компанияларының басшылығымен өндірісті локализациялау келешегін талқылады
«Астана-Милан» роудшоуы туризм ынтымақтастығын дамытуда
Үшінші Қазақстан-Италия екіжақты форумы: Екі ел арасындағы байланысты нығайту көпірі